Система антикоррупционного комплаенса в современных условиях является одним из наиболее действенных инструментов для предупреждения коррупции в организациях. Тем не менее, структура данного сложного и комплексного института требует длительного и последовательного внедрения.
Антикоррупционная служба по г. Астана совместно с Академией государственного управления при Президенте Республики Казахстан 10 октября 2024 года провела семинар, направленный на методическую поддержку комплаенс-служб.
На мероприятии приняли участие более 100 специалистов из территориальных и центральных квазигосударственных структур, а также через Zoom-конференцию руководители данных подразделений.
В качестве спикеров выступили руководитель Службы комплаенс АО «Самрук-Қазына», члены экспертного совета Ассоциации комплаенса и деловой этики, сертифицированный специалист ICA, а также другие специалисты и эксперты в области антикоррупционного комплаенса.
Программа семинара включала подробные рекомендации по оценке коррупционных рисков, внедрению контрольных процедур, проверке контрагентов, урегулированию конфликтов интересов и проведению внутреннего анализа коррупционных рисков.
В ходе мероприятия прошла активная дискуссия, в рамках которой участники обменялись опытом по инновационным методам в повседневной практике.
Қазіргі жағдайдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесі ұйымдардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың ең пәрменді құралдарының бірі болып табылады. Дегенмен, осы күрделі және кешенді институттың құрылымы ұзақ және дәйекті енгізуді талап етеді.
2024 жылғы 10 қазанда Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп комплаенс-қызметтерді әдістемелік қолдауға бағытталған семинар өткізді.
Іс-шараға аумақтық және орталық квазимемлекеттік құрылымдардан 100-ден астам маман, сондай-ақ Zoom-конференция арқылы осы бөлімшелердің басшылары қатысты.
Спикерлер ретінде “Самұрық-Қазына” АҚ комплаенс қызметінің басшысы, Комплаенс және іскерлік этика қауымдастығының сараптамалық кеңесінің мүшелері, ICA сертификатталған маманы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс саласындағы басқа да мамандар мен сарапшылар сөз сөйледі.
Семинар бағдарламасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау, бақылау рәсімдерін енгізу, контрагенттерді тексеру, мүдделер қақтығысын реттеу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша егжей-тегжейлі ұсыныстарды қамтыды.
Іс-шара барысында белсенді пікірталас өтті, оның аясында қатысушылар күнделікті тәжірибеде инновациялық әдістер бойынша тәжірибе алмасты.